ЖАҒДАЙ

lat: JAǴDAI

зат. 1 . Хал-ахуал, тұрмыс-жай. Қыздың аты-жөнін, үй ішінің ж а ғ д а й ы н ертеңінде өз үйіміздің дастарқанының басында шай ішіп отырып естідім (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Роман халыққа тарап біткен соң, Міржақыпқа қазақ қыздарынан өз ж а ғ д а й л а р ы н баяндаған хаттар тасқыны ағылды.Дулатов, Шығ.). Баланың ж а ғ д а й ы н енді түсіне бастаған Қазтай одан үйден қалай шығып кеткенін тәптіштеп сұрай бастады.Өтетілеуов, Бос шелек). 2. ф и л о с. Адам әрекетінің айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Жүзеге асқан өндіріске бір немесе бірнеше ж а ғ д а й әсер етуі мүмкін (ҚҰЭ). Ж а ғ д а й толық негіз ретінде пісіп жетілмесе, онда өзгеріс тумайды не уақыт жағынан кешігеді (ҚҰЭ). Құбылысты жете тану үшін оның себебін ашу барысында ж а ғ д а й да түрлі қимылдарымен анықталып, таныла түседі (ҚҰЭ). 3. ә с к. Операцияғарысқа) дайындық кезеці. Әскерлерді (күштерді) тиімді басқару үшін қолбасшылар мен штабтар ж а ғ д а й д ы мұқият зерттеп, бағалайдыаз. тілі. термин. Әскери.). Ж а ғ д а й д ы бағалаудан шыққан қорытынды операция (ұрыс) жүргізу және ұрыс қимылдары барысында міндеттерді нақтылау туралы шешім қабылдауға негіз болып табыладыаз. тілі. термин. Әскери.). 4. Нақтылы жайүй, қалып. Қарағандының келешегінен гөрі бүгінгі ж а ғ д а й ы н баса айтып, түйінді бірнеше мәселеге тоқталды да, бәрін өзі шешіп берді (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Ол бізді асықпай тыңдай білетін де, ж а ғ д а й ғ а әбден қанғаннан кейін, өзіңмен ақылдаса отырып, келесі күнге нақты тапсырма беретін.Момышүлы, Біздің генерал). Капитан жергілікті ж а ғ д а й д ы мәлімдеп, өзінің қандай шешім қабылдағанын айтып, Поповқа хабарлама жазды да, бір жауынгерді полкке атпен жөнелтіп жіберді (Ж.Тілеков, От кешу). 5. Кездейсоқ оқиға, іс. Өткен жылы мынадай бір ж а ғ д а й болды. Біз Таңбалыасқа көшіп қонғанбыз. Шүбар ертесімен қой өргізіп кетті.Бегалин, Уақыт.). Мұрат ауыр ж а ғ д а й д ы айтар алдында жұрт көңілін сергітіп алып, ойнақылықтан сүсты салмақтылыққа ауысты.Ахтанов, Қаһар.). Ол есіктен кіре берген мезетте-ақ оның осы күйін қасабағынан тани қойдым. «Қызмет бабында бір қолайсыз ж а ғ д а й болған ғой» деп топшыладым ішімнен.Ғабдуллин, Қызық дәурен). 6. Оқиға желісіндегі белгілі бір сәт, кез. Демек, зерттеушілердің кейбір ж а ғ д а й д а жаңылуы әбден ықтимал. Олай дейтін себебіміз, көне Сайрамда қираған ескі қүрылыстар өте көп.Досжанов, Қүм жүтқан.). 7. Қолайлы мүмкіндік, ыңғайлы жайүй. Әсіресе, әдебиетіміз бен көркемөнеріміздің қарыштап өсуіне жақсы ж а ғ д а й жасалды.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Аудан орталығына келген соң директорға жолығып: «Жатқан үйімде, ж а ғ д а й болмады, жатакханаға орналастырыңыз» деп едім, тілегімді орындады.Тоғысбаев, Алдыңғы.).