ЖАҒЫМСЫЗ

lat: JAǴYMSYZ

сын. 1. Сүйкімі жоқ, ұнамсыз. Сол Қоңқай өң жағынан кескінсіз, мінезі одан да ж а ғ ы м с ы з адам бола тұра Алуаға үдайы жабысумен жүретін (М.Әуезов, Өскен өркен). Айнаш өззінен абдырап, не дерін білмеді, әрі мынау кісінің көзі ж а ғ ы м с ы з екен (М.Сүндетов, Құмдағы.). Шорманның мінезіндегі ж а ғ ы м с ы з жайлар Ақшатауға келгеннен кейін қорексіз қалған қурайдай солды (Ж.Жұмаханов, Шұбартау.). Мақтан күйшіл бүркіттей Бабын қалай табайын? Ж а ғ ы м с ы з сөз әркімге Жүмсайтүғын малайын -Бәрі тегін жер тезек Қайсысын таңдап алайын? -Асыл сөзбен Бұл кетті (Дулат Бабатайүлы, Замана.). 2. Қолайсыз, жайсыз, келіссіз. Дегенмен осы отырысты Ғалия кешпеді-ау деймін, мен үшін ж а ғ ы м с ы з хабар жеткізіп үлгерді (Ж.Молдағалиев, Тыңдағылар.). 3. Құлаққа жат, қатқыл. Шынтас өзіне ж а ғ ы м с ы з тиетін әңгімені құлағына ілмей, ескерусіз қалдырғысы кеп еді, жолдасы тақымдап қоймады (Т.Ахтанов, Дала сыры). Күн батып кеткен. Ауыл жақтан бір ж а ғ ы м с ы з үн естіліп, Сәнжан елең ете қалды (Ә.Тарази, Құйрықты.). Осының бәрі Ақзеренің ойынан кетпей, дөңбекшіп жатқанда сыртынан қүлаққа тым ж а ғ ы м с ы з дыбыс естілді (О.Иманәлиев, Байқадам.). 4. Денсаулыққа жақпайтын, ұлы. Кейде мал ж а ғ ы м с ы з шөптерді әкеп уланатыны да байқалады (С.Омаров, Қой. бағу.).