ЖАҒЫМСЫЗДАУ

lat: JAǴYMSYZDAÝ

сын. Сүйкімсіздеу, құлаққа жайсыздау. Келе ж а ғ ы м с ы з д а у жарықшақ дауыспен: -Ал не айтасың? - деп дүңк ете қалды; мен әуелі сасыңқырап қалдым (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Ж а ғ ы м с ы з д а у, қатқылдау шыққан кесек сөз осы оймен орнынан тұрғанында шалынды мұның құлағына (Қ.Бектұрғанов, Ізгілік.). Бір кезде алыстап бара жатқан ат дүбірін құлағы шалды. Үй жақтан ж а ғ ы м с ы з д а у дауыс тағы естілді (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай.).