ЖАЗ

lat: JAZ

зат. 1. Көктемнен кейін келетін жылдың жылы, жайлы маусымы. Түсі суық, у тілді, Қарға адым жер боп мұңы, Үнемдеп жалап топырақ, Бұта көрсе тоқырап, Қыс болсақатып сіресіп, Ж а з өмірмен күресіп, Аяғы жоқ, еңбектеп, Күн көріп жүр жылан даулат Бабатайұлы, Замана.). Жан-жануар қайтсын ж а з ғ а кенелмей, Баурың төсеп, еркелейсің енеңдей, Жердің жүзі жадырады, жасарып, «Тәңір ием, рахманың кең дегендей (Ақмолла, Күндер мен түндер). Ж а з д а Атырауға барған сапарында Үкімет басшысы газ кеніштерін игеру кенже қалып жатқанын сынап: «Ұлттық мүдденің теңдігі бұзылуда», -деген-ді («Жас Алаш»). 2. г е о г р. Жер шары өз орбитасыныц жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болатын жылдың төрт мезгілінің бірі. Астрономия тұрғысынан ж а з 93 күнге (23.06 -23.09) созылады (ҚҰЭ). Әдетте Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз ж а з айлары болып есептеледі (ҚҰЭ). 3. Жаз айларына көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып есептегендегі жылдың жайлы мерзімі. Өткен дәуір белгісіз, Бір жылдық жартысы қыс болса, Жадырап жартысы ж а з болар. Құлазыған далаға Құладын тұрмас байласаңазар жырау, Шығ.). Қыс, ж а з бізді алдайды, Алтын айдан артық асылы Рахаты болмайдыердері Әбубәкір, Қазағым). Ж а з болғанда елге келсең... Жаңа әйелің жаныңда боп, Қыс қалада тұра берсең... Айтпаңыз оны, ағатай! (Ж.Аймауытов, Шығ.). 1997 ж. 4. ауыс. Жанға жайлы жылылық, жайнаған әдемілік. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде ж а з бар шыбынсыз. Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып тәңірім бергенді (Абай, Шығ.). Қайғың -қыс, жүзің -ж а з, Боламын көрсем мәз. Күлкіңіз бойды алар, БұлБұлдай шықса әуез (Абай, Шығ.). Аулақ, аулақ, Аулақ менің жанымнан! Қара уайым қара шәлі жамылған. Ж а з д ы ң әлі гүлім жаңа жарылған, Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан (М.Мақатаев, Шығ.). Жай тауып, жадырап бар жан дүниесі ж а з лебіндей жымия жылы күліп (Ә.Оңалбаев, Өсиет.).