ЖАЗ

lat: JAZ

ет. 1. Ойлаған ойды әріп-таңбалармен қағаз я басқа нәрселердің бетіне түсіру. Ей, Құлын, қоздырмашы делебемді, Ж а з а бер онан-дағы кенегеңді. Кім келер қайымыңа, «алда-арба», Надан көп сенің ұстар өнегеңді (О.Шораяқов, Шайыр). Шатыр іргесінен жайлап соққан самал, салқын желден білте шам сөніп қала жаздап, жалын басын бұлғақтатып жалп-жалп етеді. Оған қарамай ж а з а берді (С.Бақбергенов, Белгісіз). Ақ, қараны айырған Қағазға ж а з ғ а н хат болар. Шешендерді сынаған Тізелескен дау болар (Базар жырау, Шығ.). 2. ауыс. Шығару, ойын ұйқастырып, үйлестіріп, келістіріп, өлең не болмаса басқа да көркем шығарма түрінде жеткізу; шығармашылықпен айналысу. Жарты ғасыр болыпты-ау, Ж а з ғ а н ы м а мен өлең. Әлі де болса толықтау, Жаза түссем деген ем (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Ж а з б а у ғ а қоймас жүрек ерік бермей, Мезетке қалам қайтсын серіктенбей. Ащы шер, құрлы мұңым бой балқытар, Күншуақ қалың қарды еріткендей (К.Салықов, Жезкиік). Осындай жайларды көріп-біліп отырғаннан кейін бұл уақыт шығындап, ж а з ы п жатқан жұмысымды тоқтатып, «ой бөлмей-ақ қояйын, оқыған, көрген жұрт әділдігін өздері-ақ айтар» деп ойлағамЖас Алаш»). 3. Атап көрсету, жазып көрсетіп кету. Қазақ этнографиясының жетік білгірі, академик Ә.Х.Марғұлан мүндай қорымдар орналасқан жерлердің ертеректе «түпкі ер», «меке жер» деп аталғанын ж а з а д ы («Парасат»). Нью-Иорк академиясы мүшелігін мақтан қып ж а з ғ а н үміткердің құжаттары бірден макулатура жәшігіне жөнелтіледі («Жас Алаш»). Бұл жерде Абылай, Төле бастаған аталарымыздың халқының атын, ру-тайпасының атын қытайлық түсінікте бермегеніне де, ол атаулар туралы қазір қытай тарихшылары ж а з а қалса, оларды қазақша төл ұғымыда емес, сол архивте сақталған күйінде, қытайша береріне де ешқандай күдік болмауға тиісЖас Алаш»). Өзеннен өткен соң, - деп ж а з а д ы Рубрук, -біз әлдебір алаңқайға тап болдық та, сол түстан күйреген замокты кездестірдік, оның қабырғалары саз топырақтан тұрғызылыпты, айналасындағы жерлер өңделген екен («Парасат»). 4. ауыс. Діни наным бойынша адам тағдырының о бастан Алла тарапынан пешенеге белгіленіп қойылуы. Өкінішім қалмайды әлі ішімде, Ертеңгі күн ұлы сәске түсінде, Жетіп келді көкең сорлы тап етіп, Ж а з ы п тұр ма жау қолына түсуге (Ғ. Қайырбеков, Қосбасар). Не пайда тәңір сізді шетке ж а з ғ а н, Сонда да үмітім көп сұлу наздан. Мал берген сізге ажарсыз жаман жігіт, Көрер деп біздерді артық ақылы аздан (XX ғ. қаз. ақын.).