ЖАЗУШЫ

lat: JAZÝSHY

зат. Әдеби еңбекпен шұғылданатын, көркем шығарма тудырумен айналысатын адам. Біздің бұл кездегі ж а з у ш ы л а р ы м ы з д ы ң да, оқытушыларымыздың да көбі орысша оқығандар (М.Дулатов, Шығ.). Аңшылар үшеу едік. Біреуі министр, біреуі ғалым, үшіншісі мен ж а з у ш ы м ы н (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Оған қоса облыстың Жазушылар ұйымын басқаратын белгілі ж а з у ш ы Әбдір Байсаринді Мадияр көп жылдан бері білетін (С.Омаров, Өмір.). Ж а з у ш ы ғ а қарама, жазғанына қараақалнама.). Мінезсіз адам ж а з у ш ы бола ма, оның мінезі де оңай мінез емес-ті. Кейде тарыла қалатын, кейде жайыла қалатын кезін көп көрдік («Жас Алаш»).