ЖАЗУШЫЛЫҚ

lat: JAZÝSHYLYQ

зат. Әдеби шығарма жазумен шұғылданушылық. «Манапты» шығарушы Лихановта ж а з у ш ы л ы қ қуысы қанша екендігін қоя тұрайық, бірақ казақ жайынан еш нәрсе білмейтіндігін жаңылмай айтуға болады (М.Дулатов, Шығ.). Ж а з у ш ы л ы қ жалғыз жаза берумен табылмайды, білім кеңейту, оқу керек. -Бұл жағынан керекті жағдай әлі жасалған жоқ (Ғ. Мүсірепов, Суреткер.). Алайда сол кезде оның үлкен дарыны мейлінше көзге түсіп, ж а з у ш ы л ы қ жағы басып бара жатқаны байқалушы еді (Ж.Арыстанов, Естен кетпес.).