ЖАЗЫҚ

lat: JAZYQ

зат. 1. Кең алқапты теп-тегіс аймақ. Ұшы-қиырына көз жетпейтін Тарақты ж а з ы ғ ы н а үлкен бір жасыл көрпе жаза салған тәрізді (З. Ақышев, Ақбел.). Тау үстіндегі ж а з ы қ т ы ң сиқырын біреудің айтқанын ешқашан түсінбейсің, оны тек көру керекЖас Алаш»). Жүріп келемін, айнала мидай ж а з ы қ, шетсізексіз дала («Қаз. әдеб.»). Көделі ж а з ы қ, жусаны қалың бозы бар, Қазақтың жері көгерген сайын созылар. Көктеулеріңе бетеге шығып көкқасқа, Толды ма тойған қозылар? (Ж.Жұматаев, Ләйлә). // Кедір-бұдырсыз, тегіс, ойсыз-қырсыз. Күн батып бара жатқанда ж а з ы қ жердің үстінде тұрсаң, күн батып бара жатқан көкжиек жердің ең шеті құсап көрінеді; ал тау үстінен еңкейіп бара жатқан күн ұшы-қиырсыз кең дүниенің бір жықпылына ғана бұғынып қалғандай әсер қалдырадыЖас Алаш»). Оңтүстікте қарауытқан биік таулардың сілеміне үқсас сол таулардан асқаннан кейін, келесі күні біз көкорай шалғынды ж а з ы қ алқапқа келіп жеттік, оң қапталын биік таулар көмкеріп жатса, ал сол жағында 25 күнде айналып шығуға болатын әлдебір теңіз бе, әлде көл ме үлкен айдын орналасыпты («Парасат»). Жүзу үйренетін жердің суы таза, түбі шөгірсіз, тегіс, жағасы ж а з ы қ, тереңдігі 90 -130 см болуы керек (Б.Елқондиев, Жүзу.). Арқаның ж а з ы қ, кең даласы. Шүрқынды томар, қарауытқан көлдер (Б.Майлин, Шығ.). 2. г е о г р. Теңіз деңгейінен есептегенде одан төмен орналасқан, биіктігі 200метрден аспайтын құрлықтың кең алқабы. Ж а з ы қ ойпатты (биіктігі 200 метрге дейін), қыратты (200-500 метр) және таулы (500 метрден жоғары) болуы мүмкін (Қ.Құрманов, Физ. геогр.). Ж а з ы қ салыстырмалы биіктігі бірдей және геологиялық қүрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі (ҚҰЭ). 3. г е о м. Тегістік, геометриялық табиғи дене. Мұнда сызықтар, ж а з ы қ т а р, геометриялық денелер, сандар тағы басқалар табиғи денелерден, нәрселерден дерексіз бөліп алынып қарастырылады (А.Көбесов, Математика.).