ЖАЗЫҚ

lat: JAZYQ

зат. 1. Теріс қылық, айып-кінә, күнә. -Әйтсе де, апа, жаңа өзіңіз атын атаған үшеуіне неге ренжіп тұрсыз, ж а з ы ғ ы қандай олардың? (З.Жәкенов, Таң самалы). 2. ауыс. экспр. Айыпсыз, таза, дұрыс жолда бола тұра ісін, қылығын т.б. теріс түсінгенде «бар болғаны, бар ісі» деген ренжу мағынаны білдіреді. Ж а з ы ғ ы м бірнеше жыл бала оқытып, Бұл күнде оқытудан шабандаған. Не себептен оқуды тастадың деп, Жөн емес пе тексеріп адалдаған (М.Дулатов, Шығ.).