ЖАЗЫҚ

lat: JAZYQ

сын. Біртегіс, жалпақ келген, кең. Төсі төмен, бауыры ж а з ы қ, жоны тартыңқы, асықты жілігі ұзын, бота тірсек, адымы мейлінше алымды (Ғ. Мұстафин, Көз көрген). Жауырыны ж а з ы қ, мойны ұзын, Оқ тартқанда қолы ұзын, Маңдайының арасы Екі қарыс, екі елі... Көкшенің ұлы Қосай бар (С. Сейфуллин, Шығ.). Ж а з ы қ маңдайынан тура түскен қырлы мұрны, ат жақты, қара торы жүзі мәрмәр тастан соққан мүсін секілді (С. Омаров, Өмір.).