ЖАЙЫН

lat: JAIYN

зат. з о о л. ат. silarus glanis> Тұқы тектестер отрядына жататын, аузының айналасында үш жұп мұртшасы бар, дене тұрқы құйрығына қарай жіңішкеріп келген, басы үлкен, ірі жыртқыш балық. Ж а й ы н жартылай көшпелі балық, бірақ ұнатқан жерінде ондаған жылдар бойы көшпей жүре береді. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және оларға құятын өзендерде, Балқаш-Іле өзен-көл алқабына жерсіндірілгеназ. тілі термин. Биология). Біздің еліміздің суларында мекендейтін шортан, алабұға, нәлім, ж а й ы н балықтар жыртқыштар қатарына жатады (Т.Мұсақұлов, Аквариум.). Қазіргі кезде су қоймасында табан балық, ж а й ы н және қой балықтардың пайда болуы ысталған балық өнімін көтеруге мүмкіндік беріп отыр (М.Тайыров, Балқаш.). 2. ауыс. Дене түршігерліктей, ғажайып, зор, керемет. Қатты жел күні қаптап жанған қаудай болып, жер күңіренткен ж а й ы н үн шықты (М.Әуезов, Шығ.).