ЖАҚСЫ

lat: JAQSY

сын. 1. Көңілге ұнайтын оңды, тәуір. Жұрт жинап ж а қ с ы кеңес құрған Түлкі, Зарланып жетімді аяп тұрған Түлкі. Аузына үшеуін де қағып салды -Өзі екен нағыз құдай ұрған Түлкі (А.Байтұрсынов, Шығ.). Жасаған-ай, ж а қ с ы хабар әкеле жатқан біреу болғай-ақты (Ж.Аймауытов Шығ.). Ж а қ с ы иттің белгісі Жұлмақ түгіл жаламас; Азған елдің бектері Қан шықса елін жұлмалар Қасқырменен аралас (Дулат Бабатайүлы, Замана.). Ж а қ с ы менен жаманды Айырған әуел Аллаңыз (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Бастай бер ж а қ с ы күнге өмір-арман, Көргенім көз бояғыш, көбі жалған. Молайсын ортайғанын деп тілеймін, Күндерде қолда барды төгіп алған (К.Салықов, Жезкиік). 2. Адамгерлік қасиеті мол, тәрбиелі, игі, ізгі (адам). Ж а қ с ы н ы ң сөзі жылдайды, Тілі тәтті бал судан, Жаманның сөзі ащы-дүр, Адам ішпес зәр уданазар жырау, Шығ.). Ақынның елі сондай деп, Үлгісі ж а қ с ы қандай деп, Болыңдар елге өнеге. Елі-жұртым сізге айтам, Бірлікті бол, шырақтарабан жырау, Алтын қазық). Ж а қ с ы ғ а сырым жасырман, Жаманға, сірә, бас үрман. Мен бір шапқан жүйрік ат, Бір желіксем басылманал ақын, Өлеңд.). // Ауылдың, елдің белді, беделді адамы. Елдің ж а қ с ы л а р ы тегіс жиылды, бітімге билер кірісті, қажылар бас қосты (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). // Иә, қош, мақұл, дұрыс. Ж а қ с ы, мен бүгін сендерге жаңа сабақ бастамай-ақ қояйын (С.Еркебаев, Алғашқы.).