ЖАЛҒЫЗДЫҚ

lat: JALǴYZDYQ

зат. 1. Ешкімі жоқтық, саяқтық. Ақберген де өзінің нашарлығын, ж а л ғ ы з д ы ғ ы н, қоңсылығын, достығын тілеуі бірлігін айтып шықты (Ж.Аймауытов, Шығ). Жарлылық пен ж а л ғ ы з д ы қ, Дұшпанына қылар мат, Қоныстың шалғай жырағы, Ағайыннан қылар жат. Хан салғандай кәделі Орын едің рабатазар жырау, Шығ.). Өзен де жоқ сыймаған арнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мына көл тау басына?! Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Ж а л ғ ы з д ы қ т а н жамандық бар ма, сірө (М.Мақатаев, Шығ.). Өлейін деп ойласам, Аманатың бар мойнымда. Жүрейін деп ойласам, Ж а л ғ ы з д ы қ бар мойнымдаашық-наме). 3. Даралық, жекелік. Досты қайдан табарсың, Кеңесерге адам жоқ. Әрлі-берлі шабарсың, Ж а л ғ ы з д ы қ т а н жаман жоқ (Абай, Тол. жин.). Ж а л ғ ы з д ы қ бір Тәңірінің сыбағасы, Өршілдікпен лағнетке болған душар (Абай, Тол. жин.). Қазақ халқы өзінің дәстүрлі дүниетанымы бойынша, рухани кемелдену жолында ж а л ғ ы з д ы қ т ы таңдап алған дәндарларды әулие тұта отырып, қарапайым адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде саяқ ғұмыр кешуін мақұлдамайды (ҚҰЭ). 4. діни. Монотеистік діндердегі Құдайға тән басты қасиет. Мынау бір аппақ боранда адасып тегі, Машинаң асқар таулардан әрі асып па еді. Ж а л ғ ы з д ы қ деген жақсы ма, ж а л ғ ы з д ы ц деген Құдайдан басқа ешкімге жарасып па еді?! (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Ислам дінінде де дүниені жаратушы күштің жалғыз екеніне сену -иманның негізі, парыздың үлкені саналады. Алланың жалғыз, әрі теңдессіз қүдірет иесі екенін таухид ілімі терең түсіндіреді. Ж а л ғ ы з д ы қ ұғымы сопылық ілімде ерекше мәнге ие. Алланың ж а л ғ ы з д ы ғ ы н теориялық тұрғыдан ғана танумен шектелмей, соған сәйкес амал қылу таухидті толыққанды етпек (ҚҰЭ). «Ж а л ғ ы з д ы ң Құдайға ғана жарасады» деген мақал -соның айғағы (ҚҰЭ). 4. п е д. Басқа адамдардан оқшауланған жағдайға ұшыраған адамныц эмоциялық күйіне ықпал ететін психогендік фактор. Эксперименттік, географиялық, әлеуметтік, жазалау -түрмелік ж а л ғ ы з д ы қ жағдайына ұшыраған бойда адамдардың басқа кісілермен барлық тікелей («жанды») байланыстарының бәрі тоқтайды («кілт үзіледі»), осыдан шүғыл эмоциялық реакциялар туындайдыаз. тілі термин. Педагогика.).