ЖАЛҚЫН

lat: JALQYN

зат. Алаулаған жалын. Бұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың ж а л қ ы н ы Қол-аяғын от ішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны (Ж.Аймауытов, Шығ.). Аспанның батыс деңгейінде әлдеқашан батқан күн ж а л қ ы н ы болар-болмас қызарып тұр (Р.Әутәліпов, Той тарқар). Дауыл жаным, сағындым түсін мені, Бұл сағыныш не күйге түсірмеді. Келші жылдам, Дауыіл боп дүрілдетіп, Ж а л қ ы н ы м д ы басайын ішімдегі (Ә.Нілібаев, Қоңыр жел).