ЖАМАН

lat: JAMAN

сын. 1. Ескі, тозығы жеткен. Мүбәрак үйіндегілер – той-думанға жиналған ауылдың бос белбеу, кең балақ еріккендері емес, ж а м а н шапан, жыртық етік кедейлер (І.Есенберлин, Қатерлі.). Ж а м а н үйде жалғыз шал, өзі кедей күңіренді (Абай, Тол. жин.). Кей жерде ескі кебеже, ағаш мосы, ыңыршақ, ашамайлар, ж а м а н сынық ағаш төсектер бар (М.Әуезов, Абай жолы). Қарбаңдап әлгі жерде тұра келдім. Жадағай ж а м а н шекпен бойыма ілдім (Батырлар жыры). 2. ауыс. Ақымақ, ессіз. Әрбір ж а м а н кісінің жаман қылығына күлсең, оған рақаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл (Абай, Тол. жин.) Шығармын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда ж а м а н болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше өмір сүріп надан болып (С.Торайғыров, Шығ.). // Адамшылығы жоқ, жаман адам. Ж а м а н м е н жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз Айырылмасқа серт етер (ХҮШ-ХІХ ғғ. қаз. ақын.). Қарғадан қарға туар қаңқылдаған, Ж а м а н н а н жақсы туар жарқылдаған, Дегендер мен жақсымын толып жатыр, Пайдасы өз басынан артылмаған (Бес ғасыр.). 3. Жағымсыз, ұнамсыз. Ербол аға, мыналардың орынсыз күлкі, ж а м а н сықағын тыйыңызшы (М.Әуезов, Абай жолы.). Тфу, ит! Қалай ж а м а н ән салады, Ән емес, осы екен ғой аңсағаны. Мына бір бояуы жоқ бозбала тау, Өзіне сұлумын деп тамсанады (М.Мақатаев, Шығ.). Тәжірибе ж а м а н әдетке үйретеді, Ж а м а н әдет мінезді күйретеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Алыпсың ж а м а н әдет қарсыласып, Сенімен тұрам ба мен мылжыңдасып. Айтайын білгің келсе, Қозым, саған, Кінәң сол -жегім кеп тұр қарным ашып (А.Байтұрсынов, Шығ.). 4. Жайсыз, колайсыз. Ойлы-қырлы ж а м а н жолмен машина бірде оңға, бірде солға аударыла төңкеріліп келе жатты (Е.Оразақов, Дәрігер.). -Ой, балам-ау, мына жер – жау жатағы. Бұл ұрының ойна-ғына кеп алып, ж а м а н ырым бастағаның не қылғаның? - деді Жұмабай (М.Әуезов, Шығ.). Қару орнына қатын сыйлағаны ж а м а н ырым екен, - деп қабақ түйді түрікпен жігіті (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені, Шариғат қосады екен неме-рені. Қайғы ойлап ж а м а н ырым айта берме, Алаңсыз сүйген болсаң анық мені (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). // Өте, қатты. Абай өз үйінде өз анасы Айғыздан көрген әділетсіз зорлыққа ж а м а н күйді (М.Әуезов, Шығ.). Алда жайбарақат келе жатқан қалың қолдан күтпеген жылдамдыққа Қарашың баһадүр кенет туған хауіпті көріп ж а м а н састы (І.Есенберлин, Алмас.). 5. Сорлы, байғұс. -Семья азабымен жүргенімде келіп, ж а-м а н ағаң істі болды, -дейді Бектастың анасы (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Шекер Ордабайдікіне қымызға барғанда, ана жақта, жүректің бұрышында... құжыраңдап жатқан мойны ішіне кірген бір ж а м а н д ы, көруші еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ал, енді үй болған соң, Ертеңіңді ойлар жөнің бар. Барыңды шашып-төкпе Жағдай осы болды, Ж а м а н шалыңды сөкпе (О.Әубәкіров, Көк тайғақ). 6. Дөрекі, былапыт. Қазір мен үшін құрылысшы атына айтылған ж а м а н сөз атқан оқпен бірдей (А.Мекебаев, Аңызақ). -Апай, мынау маған ж а м а н сөз айтты! - деп ол көзі ежірейіп, Әліпті көрсетті (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Асылды сөккенменен аты кетпес, Көңілден ж а м а н сөздің таты кетпес (Ақмолла ақын, Күндер.). 7. Теріс, пасық Қайдағы ж а м а н ой қайдан ғана аузына түсті байғұс баланың, - деді ол (М.Дүйсенов, Меймандар). -Асайын Мадиярға өшігіп, арандатқалы айтып тұрған болар. Кім біледі, шамасы келсе бізді айырып жіберейін деген ж а м а н ойы да бар шығар, - деді ол (С.Омаров, Өмір.). 8. Жасық, әлсіз. Тасып барып өздеріңе, тасып қайтам туғандар. Жасып қалсам ж а м а н с ы ң деп, босағадан қумаңдар! (Т.Молдағалиев, Шығ.). Соңғы кезде болған ұрыстарда Жарқын ж а м а н қимыл көрсеткен жоқ (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).