ЖАНАМА

lat: JANAMA

сын. Қосымша, қосалқы, үстеме. Жорыққа шыққанда, таңдап мінген тарландарға бел босатарлық ж а н а м а жүйріктер жетекте отырады (Х.Есенжанов, Тар кезең). Мен есепті тақтаға жазып шығарудың амалдарын ойластыра бастадым. Директор маған ж а н а м а сұрақтар беріп көмектесіп отырды (Ә.Нұршайықов, Батыр). «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» деуде тура мағына болумен қатар, астарлап айтылған ж а н а м а мағына бар (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).