ЖАНАМАЛА

lat: JANAMALA

ет. 1. Жанаса жүру, қатарласу. Келбет оларды тамсандыра түскісі келгендей ат үстінен ж а н а м а л а п келіп боз айғырдың жалын сипай бастады (Ә.Әбішев, Найзағай). Жандәрмен күйі торы бай байталын әрең тауып алып, ж а н а м а л а й шауып, Қартқожа да кете барады (Ж.Аймауытов, Қартқожа). Бір арба ж а н а м а л а п өтті. Доғаға шаншылған кішкене қара жалаулар желпілдеп барады (С.Шаймерденов, Мінез). Жолдастарымызды қуып жетсек, олар бізді тосып отыр екен. Біз енді тасжолды ж а н а м а л а й, ағаш ішімен тағы да жүріп кеттік (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). 2. Жащурату, жағалап төңіректеу, шамалау, тұспалдау. -Басқа көлдерге қарағанда неліктен екенін білмеймін, Құмкөлдің суы тұп-тұщы болады, - деп Баттал бұл жерді жақсы білетіндігін ж а н а м а л а п білдіргендей болады (С.Мәуленов, Жер нәрі). Зейнеп апайдың айтқан қайғылы хикаясы есімнен кетпей, сол жағдайды ж а н а м а л а п біліп алайын деп, төрдегі белгілі портретке қарап тұрып, Бейсен ағайдан сыр тарттым (С.Омаров, Өмір.). Ол тағы да қысылған сыңай білдіріп, қолымен шекесін сипалай отырып, жан бара алмайтынын ж а н а м а л а п, долбарлап айтты (Ә.Шәріпов, Алыс.). 3. Қосақталу, ұжарлану, үстелу. Сөздің лексикалық мағынасының үстіне ж а н а м а л а й, қосақтала әр қилы қосымша, грамматикалық мағыналар жамалады (Қазіргі қаз. тілі).