Кітап

lat: Kitap

сөзі араб тілінен аударғанда «хат», «сауат», «жазба», ал түсінік тілінде «дәптер» деген ұғымды білдіреді. Әр баспатабақ - 16 беттен тұратындығын ескерсек, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы белгілеген норматив бойынша кітап 3 баспатабақтан, яғни 48 беттен кем болмауы керек. Сонымен кітап дегеніміз көлемі 48 беттен артық мерзімді емес басылым. Ал 48 беттен кем көлемдегі басылым - брошюра, яғни кітапша деп аталынады.