Кітапша

lat: Kitapsha

мемлекеттік стандарт талаптары бойынша көлемі 4-48 беттен аспайтын шағын кітапша. Оларды көбіне жұмсақ мұқабалы кітапшалар деп де атайды. Себебі, кітапшалар арнайы мұқабалық қағазбен қапталады. Бұл басылымдарды даярлап шығару, кітапшалау үдерісімен аяқталатындықтан полиграфистер жұмсақ мұқабалы басылымдардың бәрін кітапшалар деп атайды.