Мақала

lat: Maqala

газет жанрларының неғұрлым кеңінен тараған және күрделі бір түрі. Басқа материалдармен салыстырғанда мақалаға неғұрлым кең теориялық және практикалық жинақтаулар, фактілер мен құбылыстарға терең талдау жасау тән. Бұл - белгілі бір маңызды, нақты мәселеге, құбылысқа, тақырыпқа арналған зерттеу. Онда кеңінен жинақтау тәсілі әдеби баяндау шеберлігімен ұштасып жатады.