КИ

lat: KI

ет. 1. Киім кию. Ол байдың өзімен тең баласы бар, Киімін киейін деп үйге кірді. Сыпырып бар киімін к и і п алып, Зат алды үйден тағы неше түрлі (О.Шипин, Дастан.). Әжем қолдан илеген Аң терісі к и г е н і, Өлтірмей сондай күйменен, Атамның ғажап сүйреуі (С.Мұқанов, Замандас.). Көріну қызға сол арман, Сезіліп тұрсын мейлі оның. Әскерден жаңа оралған Ағаның к и і п көйлегін (Т.Молдағалиев, Шақырады.). К и г е н д е й ауыстырып таза киім, Сүйгенін кетті ұмытып ала құйын Қанжардан өлерінде сол арыстан Қабыршақ қабығына қан жабысқан (Д.Әбілев, Алтай асу.). 2. ауыс. Жагдайын жасау, киіндіру, қарау. Туған күнің құтты болсын, сүйгенім, Сен жоқ кезде түспейтіндей үйге күн. Сен жоқ кезде сөз болып па күлгенім, Сөз болып па ішкенеген, к и г е н і м! (К.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Тек сол гүлдеп толыссын деп, Тек сол к и с і н, сол ішсін деп, Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына (М.Шаханов, Ғасырлар.). К и г е н і асыл киім, қолда сағат, Астында мінген аты жүйрік, жорға (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. ауыс. Басқа түске ену, айналу. Ай аспанда тағадай, Өзендер к и г е н көк көйлек. Жел бір мазаң баладай, Қатырған басты көп сөйлеп (С.Мәуленов, Алыс кет.). 4. ауыс. Орану, жамылу. Жасыл к и д і кең далам, Ырыс, бақыт бір келді (К.Әзірбаев, Шығ.). Қара мұрын, қасқа тау, Күңгірт, күйкі күн беті Қара мұнар к и е д і (А.Тоқмағамбетов, Сайра бұлбұл). Келіншектау Май айында көрікті. Бурыл бұлттан К и і п алған бөрікті. Енесіне Ентелеген ботадай Етегіне Тас төбелер шөгіпті (С.Мәуленов, Алыс кет.). Жаңбырға сулап жаз к и е р жаңа бешпетін, Кешіктім біраз кештетіп жеттім кеш, жетім, деп маған бір сөз айту керек қой жан әпкем, Біздің үйге бір кіру керек қой кештетіп... (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 5. Тұтыну, қолдану, ұстау. Мен өзімнің нысабыма иемін, Мүше тілеп қышыған жоқ иегім. Халқым менің ішсе нені Соны іштім, Халқым нені кисе, Соны к и е м і н (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).