КИЮ

lat: Kıý

Ки етістігінің қимыл атауы. Өзімізге берілген таза киім-кешекті к и ю үшін, алдымен, моншаға түсуіміз керек болды (Н.Көшекбаев, Қарулас дос.). Жеміске жемпір әкелді. Онысы ер адамдікі болып шықты. Өзі к и ю г е және сыймады (Б.Аманшин, Көкжар). Киімді лайықтап к и ю д е н барып белгілі бір шамада ұнамды және ұнамсыз деген ұғымдар қалыптасады (Семья тәрбиесі).