КӨГАЛДЫ

lat: KÓGALDY

сын. Көгалы мол. Түйетабан к ө г а л д ы, сазды жерге шығатын көп жапырақты, тікенекті, ортасында үлпілдек мамығы бар өсімдік бейнесінде берілетін өрнек (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Тау қоршаған к ө г а л д ы ойпаңның ортасына оя тігілген он шақты ақ үйдің айналасы ығыығы адам (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Кө г ал д ы шалғын, жалбыр жапырақты ағаштар табиғатқа рең беріп, көз тартардай (Ә.Бүркітбаев, Мұғалім.).