КӨЖЕ

lat: KÓJE

зат. 1. тамақ. Еттен, ұннан, дәнді дақылдардан сұйық етіп пісірілген ас. Кеспе к ө ж е күн батқанша, Бидай к ө ж е ел жатқанша, Тары көже таң атқанша (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Байдың малына сатылып бір, к ө ж е с і н е сатылып екі адасасыңдар (М.Дулатов, Шығ.). Зар жылап түрдым шөптің төбесінде Үрлеймін тырна ымның көбесіне. Басыма көп бәлені іздеп алдым, Тоям деп залым байдың к ө ж е с і н е (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Тамақ, азық. Біледі жайын бар үйдің, Секілді бәрі мойнында. К ө ж е с і болса сәбидің, Көңілі де оның орнында (С.Жиенбаев, Алтын қалам). 3. ауыс. Былық, былапыт. Әділбек ана екеуінің аузынан шыққан сөзді қағыс жібермей, бір нәрсе түсінуге тырысады. Әріеріден соң миы к ө ж е болып кеткендей (З.Шүкіров, Қиын түйін).