КӨЖЕК

lat: KÓJEK

зат. 1. Қоянның баласы. Бұл араның қояны, біздің жақтың қоянының к ө ж е г і сияқты, кіп-кішкене ( С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Келіп күнгі кезегі Кетіп еді мал бағын. Бір қоянның к ө ж е г і н Атам үйге келді алып (Т.Молдағалиев, Шақырады.). К ө ж е к қызыл шақа, көзі жұмылып туады, өздігінен қорек тауып жей алмайды, жүре алмайды (Зоология). Қоянның к ө ж е г і н д е й аппақ келіншек төбесінің тақыры дәл осы тоғайдағы алаңнан айнымайтын ұзын бойлы сары кісінің қолтығына кіріп тұрды (С.Адамбеков, Атылған қыз.). 2. ауыс. Бала. Мен үшін қам жеме, к ө ж е г і м! (М.Хасенов, Алғашқы ән). Қандай әке өз баласын отқа итереді, ойлан, шырағым?! Соңыңнан ерген мына бес-алты к ө ж е к бар (А.Жолдасбеков, Әке.).