КӨЗҚАРАС

lat: KÓZQARAS

зат. 1. Пікір, ой, ұғым. Көздің қаралуына қарай, к ө з қ а р а с орнықты, қыдырма болуға мүмкін. Орнықты к ө з қ ар а с бір деректі нәрсеге не ойға қадалғанда болады (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). 2. филос. Адамдардың өздері өмір суріп жатқан кргамдағы немесе бурын болған оқиғалар мен қубылыстарға, жеке тұлғаларға, идеяларға т.б. қарым-қатынасы және содан туындайтын иланымы, басшылыққа алатын ұстанымы. К ө з қ а р а с білім алу, еңбек ету, қоғамдық жұмыстарға араласу, ғылыммен шұғылдану т.с.с. адамның теориялық және тәжірибелік таным әрекеті барысында қалыптасады (ҚҰЭ). 3. п с и х о л. Адамның, әлеуметтік топ не қоғамның айналада болып жатқан процестерге, құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдық категория. К ө з қ а р а с т ы ң қалыптасуы үшін философиялық, ғылыми, діни білімдердің және қоғамдағы үстем идеологияның әсері мол (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Нағыз ғылыми к ө зқ а р а с ғылыми білімдер мен демократиялық ұстанымдар орнағанда қалыптасадыаз. тілі термин. Педагогика.).