КӨЙЛЕК

lat: KÓILEK

зат. Денеге шақталып тігілген жеңіл, жұқа киім. Қалыңдық құшып сүюге Күйеуіне ынтазар. Келісімен тиюге Дайындалған ойы бар. К ө й л е г і н ақтан тіккіштеп, Күні-түні дем алмай, Бітіруге жүр күштеп, Асыққансып, тоқталмай (Абай, Тол. жин.). Шифон к ө й л е к кигендей Келіншектей жайнайды (М.Рашев, Бұйымтай). Аяғында шарық, үстінде жалғыз к ө й л е к еді (Ә.Тәжібаев, Жартас.). Қыздар мен әйелдер к ө й л е г і н бүрмелі, тік етек, қос етек, үш етек, көп қатарлы деген бірнеше түрге бөледі (ҚҰЭ).