КӨЙЛЕКТІ

lat: KÓILEKTİ

сын. Көйлегі бар, көйлек киген. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен: Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап (Абай, Тол. жин.). Ақ к ө й л е к т і қыздар еске түседі, Қыстан озып көктеміне асыққан (Т.Молдағалиев, Қош.). Көзіне ауыл адамдары ұзын к ө й л е к т і, алқымына шарт байлаған жаулықты әйелдер елестеді (Б.Қожабеков, Көктөбе.). // Көйлегі бар, көйлек киген адам. Ортадағы ақ к ө й л е к т і с і жаңағы ән салған қыз (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).