КӨК

lat: KÓK

зат. 1. Әуе, аспан. Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт. К ө к тұнжырап, мұңайып қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от (М.Жұмабаев, Шығ.). Қабағын түйіп, Қаһарын жиып, К ө к т і бұлт торлады. Жаңбыр жаумай, жауса қар, Жұрт жұтайтын түрі бар (А.Байтұрсынұлы, Шығ.). Қадалды сұп-сұр болып к ө к к е қарап, Зәйіт жүр не болды деп жанасалап. Ләйлінің жаны келіп шақырып тұр, Қасында бірталай жан жүр анталап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жандырдың, міне, жанымды. Қараған к ө к т е н хор едің, Көбірек көрсем деп едім, Көк есігі жабылды... (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. ауыс. Шың, биіктік. Қайта бір нәрсеге құлшынған, құмартқан адам іс жүзінде тапқыш, зерек адам адамшылықтың к ө г і н е өрмелеген адам болып табылады (Ж.Аймауытов, Шығ.).