КӨКЖИЕК

lat: KÓKJIEK

зат. <грек. horizon> Көз ұшындағы жер мен көктің түйіскен жері. Қырағы көз аңсайды к ө к ж и е к т і, Қыдырма аяқ аңсайды айдау жолды (Қ.Мырзалиев, Домбыра.). Күн к ө к ж и е к т е н көтеріле бастапты (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Бұлдырап к ө к ж и е к т е н сағым құлап, Секілді тоқтамайтын арын-бұлақ (Ө.Нұрғалиев, Ақ нөсер.). Келсе екен көктем, Көк жасыл шұғыла тартылса, К ө кж и е к барып, көкжиектерге артылса, Көктем де келер, көрерміз әлі жазды да, Осылай өмір, тұрса екен тылсым қалпында (М.Мақатаев, Шығ.).