КӨКӨНІС

lat: KÓKÓNİS

зат. Тамаққа пайдаланылатын сәбіз, капуста, қызылша сияқты бақша дақылдарының жалпы атауы. Осы жетінің аяғында к ө к ө н і с тиеген алғашқы малшылар да жетіп үлгерді (І.Есенберлин, Шығ.). «Бала жоқ сен жемегенде кім жейді» деді де қойнықоншын к ө к ө н і с к е толтырып берді (О.Бөкеев, Ұйқым.). Көбінесе құс етін жейтінді шығарды. К ө к ө н і с к е құмар боп алды. Жаяу жүргенді үдетті (Ө.Қанахин, Жер бас.).