КӨКТЕМ

lat: KÓKTEM

зат. Қыстан кейін келетін жылдың төрт мезгілінің бірі (наурыз, сәуір, мамыр). К ө к т е м ол қуаныштың ізгі лебі, Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі. Аспанда жақсылықтың атын жазып, Тырналар қатарқатар тізіледі (Т.Айбергенов, Мен саған.). Наурыз той к ө к т е м тойы, көңіл тойы, жақсылық болсын дейді өмір бойы. Аянбай Наурызға арнап шалып жатыр, Бар болса қорасында кімнің қойы (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Көлде аққу, көкте қаз, Орманда бұлбұл сайраған, Көптен күткен к ө к т е м кеп, Құлпырып дала жайнаған (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). К ө к т е м кетті, күз, міне, жуықтады. Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы? Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда Қырқыншы жылдардың суықтары (М.Мақатаев, Шығ.).