КӨПШІЛ

lat: KÓPSHİL

сын. 1. Халықшыл, қауымшыл үйірсек. Баурап алғыш адамды, к ө п ш і л еді, Өзін де өрге жеткізді көп тілегі. Махаббаттың ұлғайттыау у мен балын Отелло боп булығып, өксігені (К.Салықов, Жезкиік). Есті кісі ерегіспейді, К ө п ш і л адам бөлек ішпейді. Қатты адамда ұят жоқ, Қайда барса мият жоқ (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Болмасын кекшіл, Болсайшы к ө п ш і л, Жан аямай кәсіп қыл (Абай, Тол. жин.). 2. ауыс. Жеңіл жүріске әуес, ойнасшыл. Шу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі к ө п ш і л келеді ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай, Тол. жин.).