КӨПШІЛІК

lat: KÓPSHİLİK

зат. Халық, жұртшылық, қауым. К ө п ш і л і к үнсіз тұрып құптағандай, ұйып тыңдап қалды (М.Әуезов, Абай жолы). Абайдың өліміне қайғырумен қалың к ө п ш і л і к алдына шыққан Атамбай Есіркептен отыз үй әзірлетті (К.Оразалин, Абай.). Бірақ колхоз белсенділері сағынып отырған адамша бірден шолп ете түспейік деп сыр бүксе керек, көп кешікпей к ө п ш і л і к жиналысы шақырылды (С.Шаймерденов, Сыбызғы.). Баспасөз арқылы жалпы бұқара жұртшылыққа, к ө п ш і л і к к е жеткізгелі отырған осы бір ой өзімді біраздан бері мазалап жүрген еді («Егемен Қазақстан»).