КӨРЕРМЕН

lat: KÓRERMEN

зат. Көруші, байқаушы, тыңдаушы. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде бұлар қазақ к ө р е р м е н д е р і н і ң сүйікті қаһармандары болып кетті (Қ.Қуандықов, Серке Қожамқұлов). Алдымен ән салуға ақыл керек, Ырғақтың мағынасына болар тірек, Ой бар ма, жүрек бар ма, лебіз бар ма К ө р е р м е н, тыңдарманға олар керек (Б.Момышұлы, Таңд. шығ.). Абайдың психологиялық мінездемесі, музыкалық образы к ө р е р м е н н і ң көкейінен шықты («Қаз. әдеб.»).