КӨТЕРІЛУ

lat: KÓTERİLÝ

Көтеріл етістігінің қимыл атауы. 1. Орнынан тұру. Дүзген сындырып әкеп, от жағу керек, бірақ Қаншаға орнынан к ө т е р і л у оңай болмады (Т. Ахтанов, Боран). 2. Жоғарылау, биіктеу. Бұлардың көпшілігі денесі қатаймаған теңіз құрттары, балдыр шөптер, кембрий дәуірінің ең көзге түсетін басты жәндігі денесінің ұзындығы 3 сантиметрден 70 сантиметрге дейін келетін трилобиттің түрі көп, бұлар су түбінде болған, құрлықтың ең алғашқы судан к ө т е р і л у кезеңі де осы дәуір ақырында басталған (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнауы.). 3. ауыс. Өсу, даму. Қазір еліміз көп аурудан тазарды, оған халқымыздың мәдениеті к ө т е р і л у і арқылы қол жетіп отыр (М.Сисекенов, Өкпе ауру.) 4. ауыс. Атақабыройы арту. Көзге түссең жиында, Кө т ер і л у қиын ба (Айтыс).