КӨШЕ

lat: KÓSHE

зат. Қатарласа тізілген үйлердің т.б. арасындағы адамдар мен көліктердің жүруіне арналған жол, кеңістік. Абайлап к ө ш е л е р і н біліп алмай, Азабын оқымаған қатты тарттым, Аралап Алматыдай кете алмаймын, Басқаны Кремльден байқамаппын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қаланың басты-басты көшелеріне тас төселген, машина тек сол к ө ш е л е р м е н ғана жүреді (М. Дүйсенов, Гүлжан.). Көктем мезгілі; біз сол жүргеннен ұзын к ө ш ен і бойлап жүріп келеміз (К. Асанов, Сағыныш).