КҮЗ

lat: KÚZ

зат. 1. Дала мен ағаш жапырақтары сарғайып, жемістер мен көкөністер пісетін уақыт, жаздан кейін келетін жылдың төрт мезгілінің бірі. Аңызақ жел басылып, к ү з д і ң алғашқы демі сезіле бастаған (М.Дүзенов, Әке.). Төр алдында к ү з д і ң сары қымызын жалқау тартып, жәй әңгімені гулетіп, мәзмейрам құда-құдағиларының арасында төсекке сүйеніп Зуқа отыр (Б.Құсбегин, Зуқа батыр). Көп ұзамай соғыс басталды да, сол жылы к ү з Оспан әскерге кетті (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Әне қырман тасып жатыр сел болып, Диқан к ү з і н меңгермекші ел болып. Өмір өзі туып жатыр осыдан, Диқан текке тырбанбаған сан ғасырлар жер қорып (Н.Оразов, Шұғыла.). 2. Дала қоңырқай тартып, күн суытып, жер қатып, мал жайлаудан күзеуге түскен кез. Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, К ү з болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан (Абай, Тол. жин.). Жаздыгүні жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй. Жапырақ кетті, жаз кетті, К ү з болған соң, кетті күй (Абай, Тол. жин.). Ол кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан тон жамылған к ү з д і ң көзсіз қара түтіні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шөгіп, сай-салаға бауырын төсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. геогр. Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу щктесінен Күннің қысқы тоқырау щктесіне дейінгі аралығында болатын жыл мезгілінің бірі. Астрономиялық тұрғыдан к ү з 90 күнге созылады (ҚҰЭ). Қазақстан жерінің к ү з д е г і сипаты біркелкі емес, солтүстік облыстарда егін піскенде, оңтүстік облыстар егіндерін жинап болады (ҚҰЭ). Жер шарының солтүстік жартысында к ү з болғанда, оңтүстік жартышарда (Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады (ҚҰЭ). 4. ауыс. Егде тартушылық, кәрілік. Жас кезімізден бері қарай еккенімізді жиып-теріп алатын өміріміздің к ү з і келді (Қ.Көпішев, Тәйімбет Көмекбаев). Лаулаған тұла бойым қызыл өлең, Өлеңнің жалынына жүзіп өлем. Көктеммен көріскенше асығам мен, Өмірімнің келе жатып к ү з і м е н е н (Т.Әлімқұлов, Боз жорға). Жылап, зарлап көрген түстей, Жылы жазым өтеді, Бау-бақшаның жемісі піспей, Өмірімнің к ү з і жетеді (Б.Күлеев, Таңд. шығ.).