КҮМӘНДАНУ

lat: KÚMÁNDANÝ

Күмәндан етістігінің қимыл атауы. 1. Күдіктену, сенбеу. Бөтен адамның пікіріне, берген ақылына сынмен қарау керек дегеніміз оған сенбей к ү м ә н д а н у емес (М.Мұқанов, Бақылау.). Бір кезде жанындай жақсы көріп, сүйген жардың жиырма жыл ішінде сол сезімін сақтап жүрмеді деуге қандай күмәным бар? Жоқ, к ү м ә н д а н у ғ а қақым жоқ (І.Есенберлин, Алтын құс). 2. псих. Әлдебір қағидаларгға немесе пікірлер жүйесіне сезіктене қарап, сенімсіздік білдіру, күдіктену. К ү м ә н д а н у арқылы мәселенің мән-мағынасына тереңдеп, шындығына жеткенше талпынуға болады, бұл ізденгіш адамның жан дүниесіне тән ерекшелік (ҚҰЭ). К ү м ә н д а н у көбінесе, танымдық мәселелерге, әсіресе, ақиқат мәселесіне орай кездеседі. Адам оны өмірлік ұстаным қалпына айналдырса, жағымсыз сипат алып, ондай адам ешкімге, еш нәрсеге де сенбейтін, бәріне де күдікпен, сенбестікпен сезіктене қарайтын болады, ештеңеге де бой алдырмай, рухани құндылықтарды (салт-дәстүрлерді, мақсат-мұраттарды, қол жеткен жетістіктерді) жоққа шығарып, әуре-сарсаңға түседі (ҚҰЭ).