КҮН

lat: KÚN

зат. 1. Әлемге жарық, қызу беретін, күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. К ү н спектрлік класы G2V, абс. жұлдыздық шамасы +4,83 сары ергежейлі жұлдыз. (ҚҰЭ). К ү н дегеніміз диаметрі 1 миллион 400 мың км өте зор газшар алам ғажап.). Ол секүндына 35 километр жылдамдықпен К ү н д і айналады, кейде Жерге 40 миллион километрдей жақындайды, бұл кезде бізге ол үлкен болып көрінеді, бізден алыстағанда кішкентай болып көрінеді (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.). Ол оқып жүріп қай уақытта К ү н бетінде қара дақ пайда болса, сол уақытта табиғатта әртүрлі қауіпті құбылыстар болатынын, егер Күннің беті таза болса, онда Жерде де ешқандай құбылыстардың болмайтынын байқаған (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). 2. Жаз кездерінде шақырайып, көз қауыштырып қаратпайтын күн табағы. К ү н нарттай қызарып, алауланып барып ұясына отырды (С.Бақбергенов, Күй). Биіктен көк теңбіл, Күліп к ү н қарады. Жылытып төккен нұр, Біздің жер-ананы (І.Мәмбетов, Табантал). 3. ауыс. Күн сәулесі тіке түсетін ашық жер; күншуақ. К ү н д е отырып қалдың ғойуызекі). Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар. Асқан сұлу, көрікті. Бағдад, Мысыр шәһәрінің бірінде бір ер жігіт, Хасен деген, бір а й д е с е а у з ы б а р, к ү н д е с е к ө з і б а р, ай маңдайлы, жұлдыз көзді сұлуға ғашық болған (С.Сейфуллин, Шығ.). Қиял-ғажайып ертегілерде батырлардың, а й д е с е а у з ы б а р, к ү н д е с е к ө з і б а р сұлулардың ізгі ерліктері хикая боладыазССР тарихы). Оның а й д е с е а у з ы, к ү н д е с е к ө з і ж о қ бойжеткен қарындасы бар екен (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).