КҮНТІЗБЕ

lat: KÚNTİZBE

зат. Ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі. К ү н т і з б е Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған (ҚҰЭ). Шаруашылық күрделеніп, еңбек бөлісу аясы кеңейген кезде дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи к ү н т і з б е л е р халық қажетін қанағаттандыра алмады (ҚҰЭ). Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркінүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген к ү н т і з б е л е р бойынша жүргізетін дәрежеге жетті (ҚҰЭ).