КҮРТЕ

lat: KÚRTE

зат. Былғарыдан не сырттық матадан астар салып тігілген қысқа сырт киім. Үстінде сырмалы шолақ к ү р т е, басына қара қалың шәлі жамылып алған екен (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Райхан терезе жарығына жақындап, жуан тебен инемен брезент к ү р т е с і н і ң түймелерін өзіне шақтап қайта қадап отыр екен (Р.Әутәліпов, Той тарқар). Аяғына етік, үстіне мақталы к ү р т е, басына құлақшын киген Әсемқүл сырт қарағанда ат жақты, қызыл шырайлы жігіт бопты да қалыпты (С.Алдабергенов, Асу).