КҮТУ

lat: KÚTÝ

Күт етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсенің басталуын не аяқталуын тосу, біреу қарайлау. Бір қиын нәрсе к ү т у, не нәрсені болса да күткен қиын (З.Қабдолов, Жалын.). 2. Қонаққа жағдай жасау, баптау. Шоқанды және оның қонақтарын қалай к ү т у жабдығын Аппас Аңғалмен ақылдаспақ болды ( С. Мұқанов, Аққан жұлдыз).