КҮТУЛІ

lat: KÚTÝLİ

күту үстінде, тосулы. Жауынгерлер қабақтары қатулы болса да, іштері жылып, жеңіс сағатын асыға к ү т у л і (А.Мұздыбаев, Тағдыр). Бұл сияқты қысымды Байғұл көптен к ү т у л і еді ғой (Б.Майлин, Шығ.). 2. ауыс. Таза, мұнтаздай, сайлы. Жанғозы келгенде үйі к ү т у л і болсын! (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). 3. ауыс. Баптаулы, күтімді. К ү т у л і аты бардың бірталайы, Соңынан Әмірханның кетті қалмай. Бөкенді басқалары көре алмады, Әмірхан келе жатыр көз айырмай (И.Байзақов, Құралай.).