КҮТУШІ

lat: KÚTÝSHİ

зат. 1. Қызмет адам. Қора ішінде к ү т у ш і л е р, асбасшылар болмаса, өзге жүргіншілер жоқ (М.Әуезов, Абай жолы). 2. Кішкентай баланы немесе ауру адамды қарайтын адам. Қарап отырып қырылсын ба, шешесі қаланың ауруханасына к ү т у ш і болып орналасты (Д.Досжанов, Тұлпар.). Майданға барып, жаралы солдаттарға к ү т у ш і болады (І.Жансүгіров, Шығ.). 3. Қызметші. Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, Хан да жанын қияды қыз жолында. Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын. К ү ту ш і қыз-келіншек жүр соңында (Абай, Тол. жин.). Шоқанды өз қасына отырғызған Айғаным к ү т у ш і әйелін ғана отырғызып, Құсмұрыннан шығатын керуен жолына түсіп тартып берді (С.Бегалин, Бала Шоқан). Бұлар батыр, бидің к ү т у ш і, атқосшылары еді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Ойлашы сол аташты кімдер көрмес, Жанына тамашалап жақын келмес. Егерде к ү т у ш і с і ерік берсе, Жемісін қандай адам қолмен термес (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). 4. Қарауыл, күзетші. Қалалық совет оны сол қаладағы он жылдық қазақ мектебіне к ү т у ш і қып орналастырды (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Көкөзектің бір қойнауына тауық фермасын ұйымдастырып, онда Майлыбастың шешесі әрі меңгеруші, әрі к ү т у ш і боп, екі қызметті бірдей атқарып тұрған (С.Адамбеков, Атылған қыз.).