КҮТУШІДЕЙ

lat: KÚTÝSHİDEI

сын. Күтуші сияқты, күтуші тәрізді. Баяғы бала кезде осынау кәрі терек бейне бір к ү т у ш і д е й мұны иығынан түсірмейтін (Х.Ерғалиев, Майдан). Қыз оңаша өз қиялын шертеді, Тақалары тыныш түнді түртеді; Биыл еккен жоңышқаның бастары Қыз аяғын к ү т у ш і д е й сүртеді (Х.Ерғалиев, Біздің ауыл.).