КІЛ

lat: KİL

үст. Үнемі, ылғи, әрқашан, кілең, бірыңғай. Ол бұл үйдің үстіңгі бөлмелеріне пулемет құрып, к і л сенімді адамдарды топтады (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн.). Қарызынан Отанның құтылайын, Отан деген маған да, саған да Ана! Қи мені, Отаныма алаңдама. Сен менің жаратушым құндақтаған, Мен сенің ұлыңмын деп к і л мақтанам (М.Мақатаев, Шығ.). Сойқанды соғыс өрт, к і л апат, Ол қайғы, ол үрей, алапат. Бейбіт күн береке баршаға Тыныштық, тыныштық бір рахат! (М.Мақатаев, Шығ.). Бір тақыттың үстінде Шаһбал патша, Айнала жүз мың жатқан к і л палуандар (Қисса-дастан.).