КІМ

lat: KİM

Адамға байланысты қолданылатын сұрау есімдігі. Атың кім? деді жолаушы жігіт Тасмағамбетке (Б.Майлин, Шығ.). Әзімбай асқан ақылды, Желмаядай бақырды: «Он екі баулы өзбекте Келмей қалған к і м бар?» деп, шақырушыны шақырды (Қамбар батыр). К і м айтар тазамын деп Хақ қасында? Күнәлі үлкен-кіші, қарт-жасың да. Жасырмай, аз ба, көп пе, айтып шықсын, Қылмысын болған әркім өз басында (А.Байтұрсынов, Шығ.). Олар осы ескі моланың к і м н е н қалған көне белгі екенін білмеуші еді (М.Әуезов, Абай жолы.). Сізге ғылым к і м берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз (Абай, Тол. жин.).