КІР

lat: KİR

зат. 1. Белгілі бір заттың ауырлық я жеңілдік салмағын өлшейтін түрлі нұсқада жасалған таразы. Лепес бір жағына тақтай сәкі қақтырып, оның үстіне к і р орнатты. Ұсақ-түйек өлшейтін екі табақшалы кішкентай к і р (З.Шүкіров, Сарша.). Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ, к і р м е н өлшеп базарға ұстап сатпақ. Оны сатып, ол кімді уатады? Оның өзін тағы да кім уатпақ (Абай, Тол. жин.). Ағаштан көшіп-қонуға ыңғайлы кебеже, жүк аяқ, керует, асадал, адалбақан, аяқ-табақ, шөміш, к і р, шомбал сияқты заттар жасалды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері.). 2. Таразыға салынған зат салмагын белгілейтін әртүрлі салмақтағы темір тасы. Таразыға к і р салды (Ауызекі). 3. спорт Ауыр атлетика жаттығуларына пайдаланатын түрлі салмақтағы темір тас. Балуан Шолақ күшінің көптігін к і р көтеріп көрсетсін, десті шулаған жұрт (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).