КІРПІК

lat: KİRPİK

зат. анат. <лат. cilium> 1. Көз қабының жиегіндегі түк, қылшық. Қамшат ұзын к i р п i г i н ұйқылы-ояу қағып «тағы айт» дегендей қыңқылдай бастайды (М.Әуезов, Абай жолы). Қыз ұзын к i р п i к т е р i н жыпылықтатып, серіге жаутаң-жаутаң қарай берді (А.Сатаев, Дала.). Үйден жүгіріп Әскербек шықты. Ұзын к i р п i г i н е лезде-ақ ақ ұлпа ілінді (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). Қырауды қуып кеп, Бетке ұрды суық леп. Ақ к i р п i к қыс атам, қалған-ау жуық кеп (Р.Тышқанбаев, Тоқылдақ). 2. ауыс. Қылтанақ, ұшы. Сарғайған ЖҮЗІ дiрiлдеп, к i р п i г i ШӨПТІҢ суланады. Ағарған шаштай бiртiндеп, көресiң таудан тұманды (К.Шілдебаева, Бойжеткен). 3. ауыс. Жарық сәулесі, шапақ. Дала. Көкжиектен көтерілген күн күміс к i р п i к т е р i н қозғап күлімдеп қарайды (Т.Шаханов, Жоғалған жауһар). Алтын к i р п i к ашылып, Жамырай сәуле жүгірді. Жүгірді, жетті асығып, гүлдердің шағын сімірді (Ә.Жәмішев, Сағым толқын). Күлімдеп күміс к i р п i к күншығыстан, Әлемге сәуле беріп келеді таң. Жолына жас баланың бәйек болып, Бәйбіше ерте оянған ұйқысынан (О.Шипин, Дастан.).